Нұр-Сұлтан 11.6°
×
08.02.2022, 11:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

14 ақпаннан бастап барлық мектеп дәстүрлі оқу форматына көшеді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында 14 ақпаннан бастап барлық мектеп дәстүрлі оқу форматына көшетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

14 ақпаннан бастап барлық мектеп дәстүрлі оқу форматына көшеді
фото: ашық дереккөзден

Өзіңізге белгілі, «омикрон» штамына байланысты жағдайдың күрт өскені белгілі болатын. Қазір жағдай қадағалауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі - жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады. Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіздің берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантиндік шаралар алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге келуіне байланысты нақты шаралар қабылданып, барынша жеңілдктер жасалып жатыр. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды офлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз, – деді Е. Тоғжанов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері