Нұр-Сұлтан 9.9°
×
31.01.2022, 15:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

КазГЮУ Өзбекстанда жаңа университет ашады

Ташкентте Жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары Рахимжон Хакимов пен М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев кездесті, деп хабарлады Elorda.info университет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КазГЮУ Өзбекстанда жаңа университет ашады

Кездесуде тараптар КАЗГЮУ мен Өзбекстанның заң университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми-инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары қарастырылды.

Егер ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, ғылыми-инновациялық қызметтегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жалғасып келе жатқан серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге қызмет етер еді, - деді Рахимжон Хакимов.

Келіссөздер барысында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің қатысуымен Өзбекстанда жаңа жоғары оқу орнын құру мәселесі қаралды. Тараптар бұл бағытты жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылауға келісті.

Біз өз тарапымыздан кез келген қолдауды көрсетуге дайынбыз. КАЗГЮУ университетінде ауқымды халықаралық жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстар мен тәжірибе жеткілікті, - деді Талғат Нәрікбаев.

Өз кезегінде өзбек тарапы академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету арқылы білім сапасын арттыру мақсатында еліміздің жетекші университеттерін біріктіретін қазақстандық «Академиялық адалдық лигасын» құру тәжірибесін жоғары бағалады. Жақын арада Өзбекстанның қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының өкілдеріне осы ұйымға мүшеліктің артықшылықтары туралы біле алатын тренинг ұйымдастыру жоспарлануда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері