Нұр-Сұлтан 8.6°
×
27.01.2022, 14:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ауылға баратын үздік мұғалімдерге жоғары жалақы мен баспана беріледі

Қазақстанда үздік педагогтарды өңірлерге арнайы бағдарлама арқылы тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ауылға баратын үздік мұғалімдерге жоғары жалақы мен баспана беріледі
Фото: ашық дереккөз

Алдағы уақытта үздік педагогтарды Маңғыстау, Атырау, Алматы мен Түркістан облыстарына тарту бойынша арнайы бағадарлама қолға алынады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау жасалады. Соның ішінде жалақының ұлғайтылған коэффиценті, арендалық баспана мен коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу сияқты шаралар бар, - деді Шолпан Каринова министрліктің алқа мәжілісінде.

Оқи отырыңыз: Елімізде онлайн университеттер құрылады

Осылайша, аймақтардағы білім деңгейінің алшақтығын қысқарту жоспарланып отыр. 

Бұдан бөлек, 2022 жылы кем дегенде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері