Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 13:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде онлайн университеттер құрылады

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында вице-министр Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде онлайн университеттер құрылады
Фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат - онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады, - деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар ол «Болашақ» бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері