Нұр-Сұлтан 15°
×
21.01.2022, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Болашақ» бағдарламасының бағыты қайта қаралады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасының бағытын қайта қарау керек екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Болашақ» бағдарламасының бағыты қайта қаралады
фото: ашық дереккөзден

Жалпы, еліміздегі білім беру жүйесін қайта форматтағым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. мамандық иелерін тым көп шығарып жатырмыз. Қазір білім саласын техникалық арнаға түсіруіміз керек. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарды техникалық жоғары оқу орындарында оқуға, соның ішінде Ресейге, бәлкім тіпті ең алдымен, Ресейге жіберетін боламыз, - деді Мемлекет басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері