Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын
Жеңілдетілген автонесиеге autonesie.kz сайты арқылы өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады
Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында өтініштер қабылдана бастады. Алайда бағдарламаға қатысушылардың көптігінен өтініш беру жарты сағатқа жетпей жатып тоқтатылды.
Платформада өтініш қалдыратын батырманы басқанда былай деп шығады:
Өтінім қабылданбады. Автокөлік өндірушісіне қаржыландырудың еркін лимитінің болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінім қабылдаудың іске қосылуын күтіңіз, - делінген.