×
26.01.2023, 20:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Жанармай арзандауы мүмкін

Бір жыл ішінде 58,8-ден 74,1 сомға қымбаттады

Жанармай арзандауы мүмкін
Фото: Ашық дереккөз

Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап жанармайдың көтерме бағасы арзандап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, алдағы айда бағаны кезең-кезеңімен төмендету нәтижесінде, елдің ірі мұнай трейдерлері тариф саясатын қайта қарап, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) 1-1,5 айға жететін қоры болса жанармай бағасын 5-6 сомға түсіреді.

Мониторинг дерегінше, биылғы қаңтарда АИ-92 маркалы жанармайдың орташа бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 сомға арзандады. Дегенмен дизель отынының орташа бөлшек бағасы, керісінше, бір жыл ішінде 58,8-ден 74,1 сомға қымбаттады.

Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сарапшылар жанармай бағасы 1,5-2 сомнан артыққа арзандамайды деген болжам жасап отыр. ҚР-ның ЖЖМ нарығында табиғи монополия құрылған, отынның басым бөлігі Ресейден келеді. Бензин бағасына қатысты жағдай нарық трансформацияланғанда ғана өзгеруі мүмкін.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері