×
26.01.2023, 08:09
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 26-28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылау өрісі әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронталь бөліктер ықпалында болады, бұрқасын болып қар жауады және жел күшейеді деп күтіледі. Республика бойынша температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз -3 аяздан -2 жылыға, солтүстік және таулы аудандарда -8 аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері