×
25.01.2023, 09:59
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Кореяда жоғалған отандасымыз әлі іздестіріліп жатыр

Ол 1 жарым жыл бұрын жоғалған

Кореяда жоғалған отандасымыз әлі іздестіріліп жатыр
Фото: astanatv

Кореяда жоғалған отандасымыз әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады  Elorda.info Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сыртқы Істер министрлігі 1 жарым жыл бұрын жоғалған отандасымызға қатысты осылай деп мәлімдеме жасады. Еске сала кетсек, 35 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы соңғы рет 2021 жылдың маусым айында анасымен байланысқа шыққан. Содан бері хат-хабар үзілді.

Туған-туыстары өтініш білдірген болатын, іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кәріс тарапына бұл біздің алаңдаушылық жеткізілді, консулдың ерекше бақылауында. Өкінішке орай, әлі күнге дейін таба алмай жатырмыз. Бар үміт Корея тарапының полициясында, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Шарасыз күйде жүрген Альбинаның анасы үмітім сөнуге таяу қалды дейді. Себебі Корея елшілігі де арадағы байланысты тоқтатқан.

Мен соңғы екі айдан бері Оңтүстік Кореяның елшілігі мен консулына «менің қызыма қатысты деректер бар ма, жоқ па?» деп хабарласып, жазып жүретінмін. Ал олар маған жауап бермейді, тіпті елемейтін болды. Осыған дейін бір жыл бойы «іздеп жатырмыз» деп айтуды да қойды. Мен жаңа жылға дейін де, кейін де жаздым, бірақ бірде-бір реакция жоқ, Альбина Кабдулдинаның анасы Айгүл Болсаева.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері