Жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді
Кең ауқымды Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Elorda.info Синоптиктер болжамына сілтеме жасап.
Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде – тұман күтіледі.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 28 градус қатты аяз күтіледі.