×
02.12.2022, 18:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елімізде IT маманы орташа есеппен 567 мың теңге жалақы алады

Жыл сайын елімізге 30 мыңға жуық IT маманы қажет

Елімізде IT маманы орташа есеппен 567 мың теңге жалақы алады
Фото: Ашық дереккөз

Қазір елімізде 69,5 мың IT маманы еңбектеніп жатыр. Олардың 21%-ы бірнеше компанияда жұмыс істейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановская отандық IT мамандарына қатысты соңғы дерекпен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде IT маманы орташа есеппен 567 мың теңге жалақы алады. Ал, бағдарлама жасақтаушылар айына 1,5 млн теңгеден астам табыс табады. Дерек көзі көрсетіп отырғандай, кейбір компаниялар IT мамандарды уақытша жалдайды, яғни нақты бір жобаны жасауға шақырады. Отандық IT саласына біз ауқымды талдау жүргіздік. Елімізде және шетелде аталған мамандыққа сұраныс жоғары. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жыл сайын елімізге 30 мыңға жуық IT маманы қажет, - деді Александра Молчановская «Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама» атты онлайн-конференцияда.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 69,5 мың IT маманы 84 мың электронды еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатыр. Демек, отандық IT мамандардың 21 пайызы бірнеше жерде еңбектенеді.

Электронды еңбек биржасы базасында кейінгі 2 жылда 16 мыңнан астам бос жұмыс орны және 17 мыңнан астам түйіндеме жүктелді. Жұмыс берушілер тарапынан бағдарлама жасақтаушы маманға сұраныс жоғары. Сарапшылардың айтуынша, елімізде IT мамандарының жетіспеушілігі олардың деңгейі және тәжірибесіне байланысты. Сол сияқты тәжірибе көрсеткендей, IT мамандар жұмыс іздеп аса қиналмайды, жұмыс берушілер оларды өздері іздеп тауып жатады, - дейді ол.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы директорының дерегінше, Қазақстанда IT мамандардың дені мегаполистерде еңбектенеді. Ал салаға келсек, алдымен ақпарат және байланыс, екінші сауда, үшінші кезекте қаржы және сақтандыру саласын қамтиды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері