×
01.12.2022, 22:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл 260 адам қайыр сұрағаны үшін жауапқа тартылды

Кей азаматтар 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады

Биыл 260 адам қайыр сұрағаны үшін жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Көліктегі Полиция департаменті қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиісу фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында  рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Бұл туралы Департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты, деп хабарлады Elorda.info  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жыл басынан бері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 1652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жеке тасымалдау қызметтерін ұсыну мақсатында тиіскені үшін – 345, заттарды сатып алу, айырбастау бойынша – 627, өзге де қызметтерді ұсынумен – 680.

 Сондай-ақ қайыр сұраумен айналысатын 260 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық жеткізілген тұлғалармен әңгімелесу жүргізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмысқа орналасу үшін ақпараттар жұмыспен қамту орталықтарына берілді. 84 құқық бұзушы қабылдау-тарату орындарына, 51 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды, - деді Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша жеке тұлғаларға ескерту не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер азамат құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған болса, онда ол 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам ұсталса, онда айыппұл мен 5 тәулікке дейін қамауға алудан басқа, ол елден шығарылуы мүмкін.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері