Жел күшейіп, көктайғақ болады
Республиканың басым бөлігі әлі де суық Солтүстік антициклонның ықпалында болғандықтан ашық және аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады Elorda.info Kazhydromet.kz-ке сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде қар, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан Республикасының аумағында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтілуде
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алакөл көлдері ауданында өте қатты жел 30 м/с және одан да жоғары желдің күшеюі күтілуде. Түркістан облысының таулы, тау аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Жамбыл облысында қатты қар күтіледі.