Elorda.info

Қазақстанда құжат рәсімдеу жеңілдетіледі

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілені енді еліміздегі кез келген нотариуста рәсімдей алады

Қазақстанда құжат рәсімдеу жеңілдетіледі

Үйдің техникалық құжатын Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Бұл жөнінде Қонаев қаласында халықпен кездесуінде Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құр-бандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру тегін көрсетіледі. Бұл қызметке 10 ай ішінде Алматы облысында алты жарым мың азамат жүгінген. Дегенмен облыстағы сот орындаушылары мен адвокаттардың жұмысында кемшіліктер бар, - деді министр.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі