Elorda.info

Тұман, көктайғақ: Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады

Астанада ауа температурасы түнде -21-23°С, күндіз -12-14°С.

Тұман, көктайғақ: Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әсер етіп, аяз сақталады.

Қазақстанның қалған аумағында аяз бәсеңдейді деп күтіліп отыр. 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкелетін оңтүстік циклон күшеюі ықтимал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, ауа температурасы көтеріледі. Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта боран болады деп күтілуде.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 градусқа дейін аяз сақталады. Оңтүстікте 7 градус аяз бен 3 градус жылының арасында, оңтүстік-шығыста 5-15 градустан 0-8 градус аязға дейін болады», - делінген хабарламада.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23°С, күндіз -12-14°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз -1+1°С.

Шымкентте күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман. Оңтүстік-батыстан 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +6+8°С.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі