×
28.11.2022, 16:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Бизнеске заңсыз араласудың 72 фактісі белгілі болды – Антикор

Олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды

Бизнеске заңсыз араласудың 72 фактісі белгілі болды – Антикор
Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Асхат Жұмағалидің басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс тобының және «Атамекен» Ұлттық палатасының кезекті кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлады Elorda.info Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған «Атамекен» Ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай, «Атамекен» Ұлттық палатасының құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылығы, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Кәсіпкерлердің өзекті және проблемалық өтініштері қаралып, топ жұмысының алдын ала қорытындылары шығарылды, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттер айқындалды.Аумақтық департаменттердің қылмыстық істері бойынша бизнестің қатысуымен тергеу әрекеттері едәуір қысқартылды, бұл Агенттік енгізген ведомстволық бақылау тетігінің нәтижесі, - деп жазылған хабарламада.

Бизнеспен мыңнан астам тергеу әрекеттерін жүргізуге жол берілмеді, бұл кәсіпкерлерді тергеу кабинеттеріне баруға, іс жүргізу іс-шараларына қатысуға артық уақыт жұмсаудың алдын алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңсыз араласу және бизнеске қысым жасау фактілерін анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Жыл басынан бері осындай 72 факт анықталды, олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды, - деп жазылған хабарламада.

Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты, соның ішінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және басқалары жатады. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы 80% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жоғарыда көрсетілген барлық фактілер бойынша мемлекеттік органдар басшылығының атына сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері