×
25.11.2022, 08:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Жаңбыр, қар, боран: бүгінгі ауа райы болжамы

Елімізде тұман, көктайғақ, жел күшейеді

Жаңбыр, қар, боран: бүгінгі ауа райы болжамы
Фото: Ашық дереккөз

Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек батыста – ауа райы жауын-шашынсыз.

Республикада тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында – қарлы боран күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қарағандының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Қостанайдың шығысында, күндіз Шығыс Қазақстанның солтүстік-шығысында қалың қар жауады деп күтілуде.

Астанада – көшпелі бұлтты, жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері