×
24.11.2022, 19:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астана әлемнің үздік зияткерлік қалаларының қатарына қосылды

Қазақстанның астанасы 64-ші орынға ие болды

Астана әлемнің үздік зияткерлік қалаларының қатарына қосылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Z/Yen тәуелсіз сарапшылары зияткерлік орталықтар рейтингінің алтыншы шығарылымын дайындады, деп хабарлады Elorda.info digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл технологияға, ғылымға, энергетикалық жүйелерге, қаржылық технологияға инвестициялау үшін тартымды орындардың тізімі. Астана алғаш рет рейтингке енді. Қазақстанның астанасы 64-ші орынға ие болды.

Осылайша, Астана Рим (65-орын), Варшава (67-орын) және Мәскеуден (68-орын) жоғары болды. Бірінші орындарды Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Лондон, Сан-Франциско және Гонконг иеленді.

Ақпаратты жинау барысында сарапшылар жаһандық коммерциялық орталықтардың технологияларды құру, дамыту және енгізу мүмкіндіктерін зерттеді.Рейтингтің алтыншы шығарылымы 138 аспаптық факторды пайдалана отырып құрастырылды.

Бұл макро көрсеткіштерді Дүниежүзілік банк, Economist тобының зерттеу және талдау бөлімі және Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынады.

Барлығы 131 коммерциялық және қаржылық орталықтар зерттелді. Толық нұсқасы сілтеме бойынша.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері