×
23.11.2022, 15:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылады – ИИДМ

Бүгінгі таңда Қазақстанның автожол саласында 1200-ден астам стандарт пен норматив бар

Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылады – ИИДМ
Фото: Ашық дереккөз

Жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылады, деп хабарлады Elorda.info.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінше, мемлекет басшысының автожол саласын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында министрлік арнайы түзетулер пакетін дайындады. Осылайша «ҚазжолҒЗИ» АҚ жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылады.

Бұл туралы бүгін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдеді.

Қазір карьерлердің, битум зауыттарының материалдарының сапасы жайлы ақпарат жинақталып жатыр. Сондай-ақ климат ерекшеліктері, геологиялық және гидрогеологиялық деректер ескерілетін болады, ­- деп атап өтті комитет төрағасы Т.Абдуллин.

Аталған институт қозғалыс қарқындылығын, есептік жүктемелерді ескере отырып, әрбір өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастыратын болады. Бірыңғай базаның бастапқы бұл деректері жобалау және құрылыс жұмыстары кезінде негізге алынбақ.

Сондай-ақ брифингте Төлеген Абдуллин нормативтік базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның автожол саласында 1200-ден астам стандарт пен норматив бар. Реформалау шеңберінде министрлік нормативтік базаны қалыптастыру тәсілдерін өзгертуде. Алдағы уақытта ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми және зертханалық зерттеулердің қорытындылары, тәжірибелік учаскелер мен қанатты жобалардың ұзақ мерзімді мониторингінің нәтижелері ескерілетін болады.

ҚазжолҒЗИ институты нормативтік-техникалық құжаттардың жаңа бірыңғай жүйесін құруда. Ол жетілдірілген, нормалардың қайталануын болдырмайтын шамамен 50-70 ұлттық стандарт пен нормативтік-техникалық құжаттан тұратын болады, - деп мәлімдеді Төлеген Абдуллин.

Тиісті нормативтік құжаттар 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізілмек. Жол саласына қатысты жаңа технологиялар іске қосылғаннан кейін, оларды өзектендіру мәселесі жедел жүзеге асырылатын болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері