×
24.11.2022, 08:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда 29 градусқа дейін аяз болады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Қазақстанда 29 градусқа дейін аяз болады
Фото: Сұлтан Сейіт

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері 20-29 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлады Elorda.info.

Самара аудандарынан жылжыған циклон жырасымен республиканың басым бөлігінде қар жауады деп болжануда, батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қар жаууы ықтимал.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде. Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонның енуімен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 аязға дейін күрт төмендейді деп болжануда, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері