×
30.09.2022, 18:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Волонтерлік жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Елде волонтерлік ұйым 2019 жылдан бастап  дамып келеді

Волонтерлік жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ететін еріктілер ел игілігі үшін қызмет етеді. Патриотизмнің бір көрінісін айшықтайтын волонтерлер береке-бірлікті арттыратын шараларға атсалысып келеді. Жұртшылықтың алғысы мен жылы ілтипатына бөленіп келе жатқан Жамбыл облысы «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Динара Берекеевамен Elorda.info журналисі әңгімелескен болатын. 

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Олардың көбісі іс-шаралар алаңдары мен әлеуметтік салаларда еріктілік қызметті атқарып келеді.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл игі істің медицина, мәдениет секілді өзге де жаңа бағыттары да қарқын алды.

Елімізде еріктілікпен айналысудың бағыттары өте көп. Оған елдегі экология, жан-жануарлармен жұмыс, қарттарға көмек көрсету және басқа жұмыстар дәлел бола алады.

Динара Берекееваның айтуынша, Жамбыл облысындағы «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қоры 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«Ерікілер қозғалысы» волонтерлік ұйымы әлеуметтік бағытта жұмыс істейді. Олардың ішінде спорт, білім, қамқор, медицина, төтенше жағдайлардың алдын алу сынды және тағы басқа жұмыстармен айналысады. Сондай-ақ ұйым жастары облыстағы көпбалалы, жалғызбасты аналарға (әкеғ үлкен жастағы ата-әжелерге) көмек көрсетеді, - деді қоғамдық қорының президенті.

Ерікті бола отырып, олар тұрғындарға шама келгенше көмектеседі. Оған қоса, көптеген әлеуметтік жобаға қатысып, айналамызды  аз да болсын жақсартуға өз үлестерін қосады. Мысалы, түрлі экологиялық акциларға белсенді түрде қатысады.

Қазіргі кезде бұл өңірде  волонтерлікпен айналысуды жанына серік еткендер «Qamqor» волонтерлік-әлеуметтік жобасын, қоғам сақшысы жобасын және спорттық іс-шаралар, түрлі форум ұйымдастырып тұрады.

Мысалы, «Qamqor» волонтерліқ жобалық дүкеніңде жастар киімдерді жуып, үтіктеп, бүктеп қояды. Дүкенді таза ұстауға тырысады. Мұнда келген мұқтаж  жандарды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етеміз, - деді Динара Берекеева.

Қоғамдық қрдың президенті Динара Берекееваның айтуынша, елімізде волонтерлік ұйым 2019 жылдан бастап қарқынды түрде дамып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылдыволонтер жылы деп жариялағаны баршамызға мәлім. Сол жылы еріктілердің жұмысы артты. Сондай-ақ ерең ерліктің үлгісін де көрсеткен жандар да болды. Байқағанымыздай, 2019 жылдан бастап еріктілілерге қатысты халықтың ойы өзгерді. Ал бұған дейін елімізде волонтерлард қара жұмыспен айналысатындар деп ойлайтын адамдар да болды, - деді Динара Берекеева.

Еліміздегі еріктілер ұйымы ел басына күн туған қиын сәтте аянбай еңбек етті, көмек қолын созды.

Волонтерлік бағдарлама жастар мен студенттерге мол мүмкіндік береді. Олардың азаматтарға жақсылық жасауына, айналасына мейірімділікпен қарауына, бос уақытын тиімді пайдалануға өз үлесін қосады. Осылайша жастар ел дамуына өз септігін тигізеді, - деді «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті.

Динара Берекеева да студенттік кезден  қарттарға, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, кейін волонтерлік ұйым қатарына қосылған. Көптеген іс-шараны өткізуге белсенді қатысып, түрлі алғыс хатқа ие болған.

Оның айтуынша, волонтерлік адамға жаңа орта мен жаңа достар табуға көмектеседі.

Алдағы уақытта бұл ұйым жастармен бірге жаңа жобаларды қолға алуды және NEET санатындағы жастардың волонтерлік қызметке қызығушылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Көпке пайдасы мол волонтерлік республиканың түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып, мұқтаж жандарға демеу көрсетіп, еліміздің дамуына да өз үлесін қосады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері