×
28.09.2022, 17:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне сертификат беріледі – фейк

Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған

Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне сертификат беріледі – фейк
фото: ашық дереккөзден

Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланды. Онда Президент атынан фейк хабарламалар таралуда, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған. Олардың кейбірі бастапқыда Instagram-да @QazNews24 сатиралық аккаунтында жарияланып, кейін басқа пайдаланушылар арасында тарады.

Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунттары Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде бар.

Сондай-ақ Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорда парақшаларынан алуға болады

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері