×
28.09.2022, 09:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

«Жалақылары 500-600 мың теңге»: Ресейден келген дәрігерлер ауруханаға жұмысқа алынды

«Жалақылары 500-600 мың теңге»: Ресейден келген дәрігерлер ауруханаға жұмысқа алынды
Фото: ашық дереккөзден

Ресейден келген дәрігерлер Оралдағы ауруханаға жұмысқа алынып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Астана арнасына сілтеме жасап.

Оралдық ауруханалар ресейлік дәрігерлерге 500-600 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге дайын.

Өйткені өңірде хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, қазір Ресейден келген екі дәрігер – эндоскопист пен инфекционистің құжаттары рәсімделіп жатыр.

Үшінші маман шекарада тұр дейді. Оның да құжаттары реттелген соң, жұмысқа кіріспек. Барлық процедура заңға сәйкес жүргізілуде. Аурухана басшылығы жаңа қызметкерлердің тұрмыстық мәселесін шешуге де тырысамыз деп отыр.

Жұмыс өтілдері бар: біреуінде 8 жыл, біреуінде 12 жыл, шекарадан келетінінде 15 жыл бар. Біздің беретін жалақыны олардың алған жалақысымен салыстырғандай бірдей болып тұр. Сондықтан біздің жалақы олардың жалақысынан түк те аз емес. Сапалы жұмыс істесең, толық жұмыстансаң, жалақы да болады, бәрі де болады, – дейді БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері