×
28.09.2022, 08:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Бүгін ауа райы қандай болады

Астанада 6 градусқа ғана жылы болады

Бүгін ауа райы қандай болады
фото: ашық дереккөзден

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР-ның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, оңтүстік-шығыс аймақтың  таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлады Elorda.info синоптиктер болжамына сілтеме жасап.

Қазақстанның қалған бөлігі антициклон жотасында болады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста – найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте – тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері