×
27.09.2022, 12:36
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Егіннің 96,3 пайызы жиналды – Ербол Қарашөкеев

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында дәнді дақылдарды жинау толығымен аяқталды

Егіннің 96,3 пайызы жиналды – Ербол Қарашөкеев
Фото: Ашық дереккөз

Бүгінгі таңда республика бойынша 15,4 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің айтуынша, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында дәнді дақылдарды жинау толығымен аяқталды.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында бидай жинау аяқталды. Қалған облыстарда аяқталу сатысында. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа түсімнен барлығы 4,2 млн.тонна астық түсті, бұл 2021 жылғы ұқсас күнге астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түскен астық көлемінен 2,2 есе көп, - деді министр.

Сондай-ақ егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарына 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Энергетика министрлігі қыркүйек айына хаттамамен мұнай өңдеу зауыттарынан (МӨЗ) орташа нарықтық бағаны тоннасына – 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге деп бекітті. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін республика бойынша орташа баға литріне 203 теңгені  құрайды (нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан), - деді Е.Қарашөкеев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері