×
26.09.2022, 16:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

Бүгін сот Қ.Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі №2 соты Қайрат Сатыбалдының ісін қарап аяқтады.

Алдыңғы сот отырыстарында прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдының мүлкін тәркілеп, 10 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен қатар, қауіпсіздігі орташа колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін, - деді прокурор Жангелді Есебаев.

Бүгін сот Қ.Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазақстан Республикасының атымен Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыны бірінші бап бойынша 6 жылға, екінші бап бойынша 2 жылға, барлығын қосқанда мүлкін тәркілей отырып 6 жылға соттады, - деді сот.

Сондай-ақ, сот Қайрат Сатыбалдыны мемлекеттік қызметте, Ұлттық Банкте, мемлекеттің үлесі бар ұлттық компанияларда жұмыс істеуге тыйым салды.

Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді.

Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері