×
26.09.2022, 21:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жеңілдетілген автонесие қарашадан бастап беріле бастайды

Осы уақытқа дейін 13,5 мыңнан астам несие мақұлданды

Жеңілдетілген автонесие қарашадан бастап беріле бастайды
Фото: Ашық дереккөз

Елімізде жеңілдетілген автонесие қараша айынан бастап беріле бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, жеңілдетілген автонесиелерді өтеу аясында енгізілген қаражат жинақталып, қараша айынан бастап жылдық 4% қайтадан несие түрінде беріледі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумында «Индустриялық даму қоры» төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді. Осы уақытқа дейін 13,5 мыңнан астам несие мақұлданып, 11 мыңнан астам автокөлік берілген.

Айналмалы қорлар түсе бастады. Менің ойымша, айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 көлік болады, – деді Р. Ғаппаров.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері