×
25.09.2022, 15:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық бірқатар сайтқа шабуыл жасалған

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін өз абоненттерінен кешірім сұрайды

Қазақстандық бірқатар сайтқа шабуыл жасалған
Фото: ашық дереккөз

Бірқатар отандық сайтқа шетелден жасалған жаппай DDOS шабуыл тіркелді, деп хабарлады Elorda.info «Қазақтелекомға» сілтеме жасап.

«Қазақтелеком» 2022 жылдың 24 қыркүйегінде бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурсқа шетелден жаппай DDOS шабуыл тіркелгені туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта біз маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, бұл кейбір сыртқы интернет ресурстарға қол жеткізу жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін өз абоненттерінен кешірім сұрайды, - делінген «Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар департаменті таратқан мәлімдемеде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері