×
23.09.2022, 07:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін ауа райы қандай болады

Астанада 28 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін ауа райы қандай болады
фото: ашық дереккөзден

Ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай, Алмат облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері