×
22.09.2022, 13:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада машина жасаушылардың Х форумы басталды

Форумда 12 секциялық отырыс өтеді

Елордада машина жасаушылардың Х форумы басталды
Фото: ашық дерекөзден

«Қазақстанның машина жасау саласы: жаңа заманның сын-тегеуріндері» атты машина жасаушылардың Х форуымы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Форум Үкіметтің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар одағы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды. Онда ауыл шаруашылығы мен теміржол және электротехникалық машина мен автомобиль жасау салалары талқыланады.

«Қазақстан машина жасау одағы жаңа дәуірге аяқ басады!» деген ұранмен бастау алған форумда 12 секциялық отырыс өтеді.

Отырысқа Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Ұлттық компаниялардың басшылары, шетелдік серіктестер және машина жасау кәсіпорындары қатысып жатыр.

Гүлжан Уалиева

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері