×
13.09.2022, 14:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Air Astana» әуе компаниясына 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды

6 қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясына 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды

«Air Astana» әуе компаниясына 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Биыл «Air Astana» әуе компаниясына жетінші рет айыппұл салынды, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 16 шілдеде «Air Astana» әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды. Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмаған. Атап айтқанда қонақүйде тұру. Осы орайда рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін биыл 6 қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясына 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, аталған әуе компаниясына биыл осымен жетінші рет айыппұл салынып отыр.

Биыл шілде айынан бастап «Air Astana» әуе компаниясына (құрылымдық бөлімшесі «Fly Arystan» әуекомпаниясы) қатысты жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) көлемінде жеті рет айыппұл салынды, - деп хабарлады ведомстводан.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, биыл шілдеден бері жалпы қазақстандық әуе компанияларға 8 000 АЕК (24 504 000 теңге) көлемінде 8 рет айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқығын сақтау бөлігіндегі талаптарды ұстанады. Тасымалдаушылар тарапынан құқық бұзушылық фактілері қайталап анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылданатын болады, - дейді комитеттен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері