×
02.09.2022, 19:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Малын қараусыз жіберетіндерге салынатын айыппұлды 300 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды

Малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты артқан

Малын қараусыз жіберетіндерге салынатын айыппұлды 300 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды
Фото: 24.kz

Малын қараусыз жіберетін тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту қажет. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша,  елімізде малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты жиілеп кеткен

Полициямен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, елді мекен тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндіреміз. Хаттама жасалып, жадынама таратылады, - деді С.Айдос.

Серік Айдостың айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте жол бойында жайылып жүрген мал иелеріне жауапкершілік қарастырылған.

Яғни, мал иесіне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер мал кесірінен жол-көлік апаты болған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Орын алған жағдайды ескере отырып, үй жануарларына дұрыс қарамағаны үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту ұсынылады, - деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері