×
24.08.2022, 21:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 300 мыңнан астам қатысты

Биыл 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 325,1 мың адам қатысты. Оның ішінде 259,4 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 300 мыңнан астам қатысты
Фото: Ашық дереккөз

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 9 мыңға жуық адам жіберілді. Ал өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адамға мемлекеттік грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 122,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,6 мың, жастар практикасымен 14,6 мың, қоғамдық жұмыстармен 91,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 249 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,3 мың адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 61,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті, - деп жазылған хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері