×
16.08.2022, 16:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Корея елшісі Нұр-Сұлтан – Сеул әуе рейсі қашан ашылатынын айтты

Қазіргі таңда Кореяның Сыртқы істер министрлігімен Нұр-Сұлтан – Сеул тікелей рейсін қайта ашу бойынша келіссөз жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг-сок мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Корея елшісі Нұр-Сұлтан – Сеул әуе рейсі қашан ашылатынын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Пандемияның ауыр кезеңі бәсеңдегеннен кейін Корея Республикасы әлемдегі 30-дан астам мемлекетке ғана Кореяға визасыз кіру режимін қайта ашты. Соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Сонымен қатар, біздің елдер үшін екі ел арасында адамдардың қарым-қатынасы маңызды, яғни туристік байланыс. Сондықтан біз қазір Корея мемлекетінің Сыртқы істер министрлігімен екі астана арасында әуе қатынасын ашуды қарастырып жатырмыз. Қазіргі жоспарымыз осындай, – деді елші.

Айта кетейік, қазір екі ел азаматтары үшін тікелей тек Алматы – Сеул рейсі қатынайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері