×
16.08.2022, 18:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда жүргізушіге бір ай ішінде 82 әкімшілік айыппұл салынды

Полиция қызметкерлері «Қорғау» қосымшасы арқылы «ВАЗ 2115» маркалы автокөліктің жүргізушісін анықтады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жүргізушіге бір ай ішінде 82 әкімшілік айыппұл салынды
фото: ашық дереккөзден

Күндізгі уақытта автокөлікті Қабанбай батыр даңғылы мен Керей Жәнібек Хандар қиылысында тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жас жігіттің көлікті құжатсыз басқарғанын және сақтандыруы жоқ екенін анықтады.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, автокөліктің жылдамдығын белгіленген шектен асырып, жол белгілерін елемей «Bus Lane» жолымен жүрген. Жүргізушіге хабарлама беріліп, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Елордада «Қорғау» автоматтандырылған жол қозғалысын бақылау жүйесі күн сайын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша берешегі бар жүргізушілерді анықтайды. Мәселен, бір тәулік ішінде қосымша арқылы жалпы сомасы 5,5 млн.теңгеден асатын айыппұлдары бар 28 жүргізуші анықталды.
19 шілдеден бастап қала аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара басталғаннан бері 15 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық тіркелді, оның ішінде мас күйінде 112 жүргізуші ұсталды, көлік құралын басқару құқығы жоқ 266 жүргізуші және автокөлікті басқару құқығынан айырылған 18 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері