×
16.08.2022, 13:11
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсаған

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсаған
Фото: ашық дереккөзден

Үкімет кулуарында журналистер министрден балаларының мектеп формасына қанша ақша жұмсайтынын сұрады.

Ол бір баласы ғана мектепке баратынын айтты.

Өткен демалыста баламды ертіп, дүкенге бардым. Дүкеннен бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасын айтар болсам, 35 мың теңгедей ақша кетті. Шалбарын, костюмін, көйлегін алдым, - деп жауап берді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері