×
16.08.2022, 14:58
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Өз тойында тақтайларды ұрып сындырған келін елді таңғалдырды (ВИДЕО)

Таэквондошы қыз Перизат Жұбанова тақтайларды жұдырығымен ұрып қонақтарды таң қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Өз тойында тақтайларды ұрып сындырған келін елді таңғалдырды (ВИДЕО)

Осы сәт түскен видеоны Қазақстан таеквондо федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. Тойда жас жұбайлардың жақын достары қонақтар үшін таэквондоның ерекше әдісін көрсетуді сұраған.

Сол сәтте спортшы қыз еш іркілместен таеквондоға арналған тақтайларды қолымен сындырып тастайды. Бұған той қонақтары да, күйеу жігіт те риза болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары таеквондошының шеберлігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, Перизат Жұбанова таэквондодан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол аталған спорт түрінен ел чемпионаты мен халықаралық жарыстарда бірнеше рет жүлде иеленген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері