×
16.08.2022, 14:37
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталды – Антикор

Көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталды, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталды – Антикор
Фото: Ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті. Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – «Т.»-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген, - деп жазылған хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері