×
16.08.2022, 12:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда мешітінде ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 жастағы мигрант мешітте ұрлық жасаған. Шетелдік азаматтың ұрлықтың алты фактісіне қатысы бар. Ұрланғандардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған. Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген, - деп жазылған хабарламада.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынған. Жігіт кінәсін мойындаған. Ал полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефонды тәркіледі.

Аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұйымдарға қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Азаматтар сақ болып, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауы керек, - деп жазылған хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері