×
16.08.2022, 08:09
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
фото: ашық дереккөзден

Бүгін ауқымды Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады, алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері