×
12.08.2022, 07:58
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел, бұршақ, оңтүстікте дауыл соғады. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері