Elorda.info

Биыл шекарадан 8 мыңнан аса суық қару тәркіленді – ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері 170-тен астам оқ-дәрі, 8 мыңнан астам суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркілеп, оқсыз атылатын қаруды әкетудің 2 фактісінің жолын кескен, деп хабарлады Elorda.info. 

Биыл шекарадан 8 мыңнан аса суық қару тәркіленді – ҰҚК

Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралары нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.

Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді, - делінген хабарламада.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі