Elorda.info

Елордада экскаватор жүргізушісі шөмішпен жүк көліктерін қиратқаны рас па

Instagram-да жақын жерде тұрған жүк көліктерін шөмішпен қиратып жатқан экскаваторшының видеосы тарады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада экскаватор жүргізушісі шөмішпен жүк көліктерін қиратқаны рас па

Видео астында кадрлар Нұр-Сұлтанда түсірілген, ал экскаватор жүргізушісі қарағандылық деп жазылған. Жұмыс беруші үш ай бойы жалақы төлемегендіктен ол көліктерді қирата бастаған. Stopfake.kz бұл ақпаратты жалған деп таныды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті видеоға қатысты түсініктеме берді.

Бұл видеоның елордаға қатысы жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді, – деп хабарлады ведомстводан.

Шын мәнінде, видео 2021 жылдың қыркүйегінде Түркияда Ширнак қаласында түсірілген. Экскаватор жүргізушісі жалақысын уақытылы алмағандықтан бес жүк көлігін қиратқан.

Демек, таратылған видео рас, бірақ Қазақстанда емес, 2021 жылы Түркияда түсірілген. Оның елордаға ешқандай қатысы жоқ.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі