×
11.08.2022, 11:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еліміздегі халық саны қаншаға жетті

Қазақстан халқының саны 1 шілдеде 19 246,3 мың адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздегі халық саны қаншаға жетті
Фото: ашық дереккөзден

Бюро мәліметінше, жалпы халықтың ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%) болған. Яғни, 2021 жылғы 1  шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7  мың адамға немесе 1,2 есеге өскен.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда  (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 198,1 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32  оқиғаны құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келді, елімізден кеткендердің саны 12 344 адамды, көші-қон айырымы – 5 057 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,5% және 83% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері