×
08.08.2022, 08:19
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 8 тамызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.

Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысыңда түнде облыстың батысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында да жауын жауып, күн күркірейді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері