Нұр-Сұлтан 20.8°
×
05.08.2022, 21:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жеміс пен көкөністегі витамин мөлшерін анықтайтын құрал жасалды

Еуропа шаруалары жеміс-жидек пен көкөністегі витаминдердің мөлшерін анықтайтын құрал жасап шығарғалы жатыр, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жеміс пен көкөністегі витамин мөлшерін анықтайтын құрал жасалды
фото: ашық дереккөз

«Биосенсор» деп аталған аппарат Одақтың арнайы жобасы аясында ойлап табылған. Ол Нидерландтың Баарло қаласындағы жылыжайдың бірінде сынап тексерілген. Құрылғы жеміс-жидек пен көкөністегі витаминдер туралы ақпаратты түс коды арқылы жинайды. Алынған мәлімет өңделіп тұтынушының ұялы телефонына жіберіледі. Жоба құны 2 миллион еуро. Бастамаға Бельгия, Германия және Нидерландтың университеттері мен зерттеу орталықтары және компаниялары қатысып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері