Нұр-Сұлтан 18.5°
×
05.08.2022, 20:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ДДСҰ басшысы қазақ тілін үйренуге ниетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус қазақ тілін үйренгелі жатыр, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ДДСҰ басшысы қазақ тілін үйренуге ниетті
Фото: Ашық дереккөз

Ол Қазақстанға алғаш рет  2017 жылы келген.

Бұған дейін Қазақстанда екі рет келдім. 2017 жылы Алматыға алғаш рет келдім. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Ол кезде Қазақстанмен туыстық байланысым жоқ еді. Біз 2022 жылы құдаластық. Өте қуаныштымын. Мұнда менің Дәулет Тұрлыханов деген құдам бар. Енді Қазақстан менің де үйіме айналғанын білдіреді. Жақында немеремнің тілі шығады. Сондықтан мен онымен оның ана тілінде сөйлесуім керек, - деді Т.Гебрейесус.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері