Нұр-Сұлтан 18.5°
×
05.08.2022, 17:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Билетке ақшам жоқ»: ер адам үйіне пойыздың төбесіне отырып қайтпақ болған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде вокзал маңынан жүріп бара жатқан жолаушылар пойызының төбесінде жатқан ер адамның видеосы тарады. Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Elorda.info.

«Билетке ақшам жоқ»: ер адам үйіне пойыздың төбесіне отырып қайтпақ болған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден

Оқиға 24 шілде сағат 22.45-те болған.

«Алматы-1» вокзалындағы кезекші бөлімшеге «Алматы-Орал» пойызының төбесінде жатқан ер адамның кесірінен машинист «Алматы-2» вокзалында пойызды шұғыл тоқтатқаны туралы хабарлама түскен. Көлік полицейлері пойызды тоқтатқаннан кейін құқықбұзушы вагонның төбесінен түсірілді. Тексеру кезінде 47 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны билет алуға ақшасы болмағандықтан, пойыздың төбесінде үйіне қайтқысы келген, – делінген полицияның хабарламасында.

Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы («Темір жол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері