Нұр-Сұлтан 20.8°
×
05.08.2022, 08:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай

Синоптиктер 5 тамызға арналға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай
Фото: Ашық дереккөз

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстіктің таулы аймақтарында – қатты жаңбыр жауады, ол күн күркіреп, екпінді желмен жүреді, тек Қазақстан Республикасының солтүстігі мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстікте, шығыста, Қарағандының орталығында, күндіз Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Ал  Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорданың басым бөлігінде, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атыраудың оңтүстігінде, Абай облыстарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері