×
28.07.2022, 18:34
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тамызда еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болады – синоптиктер болжамы

«Қазгидромет» РМК тамыз айына жасалған құрғақшылық туралы болжамды жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Тамызда еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болады – синоптиктер болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Алдын ала есептеулер бойынша, тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Синоптиктер мәліметінше, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанған.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі, - деп атап өтті «Қазгидромет» РМК.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі.

Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалды болмақ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері